Оның бес баласы бар
Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, көпбалалы ананың тұрмысы нашар. Жиі ішімдікке салынып, балаларын үйде жалғыз қалдыра бергендіктен, ол ата-ана құқығынан айырылған. Қазіргі уақытта оның үлкен балалары интернатта, ал кішкентайлары туыстарының қолында. Әйелдің туыстары оның үстінен балаларына алимент төлеу үшін арыз берген. Ал балаларын тастап кеткен әйел мұны елемегендіктен, бір жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Көпбалалы ана жазасын орташа қауіпсіз әйелдер колониясында өтейді.