Оларды Қазақстан мен Ресей шекарашылары ұстаған
Заң бұзушылардан 20 мың метрге жуық ау, алты мыңнан астам қармақ тәркіленген. Сондай-ақ, 13 дана бекіре мен 3 тоннадан аса ұсақ балық алынды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Мемлекетке келтірілген экономикалық залал 60 миллион теңгеден асады деп есептеліп отыр.
Заңсыз балық аулаушылар Каспий теңізі акваториясында браконьерлік қызметтің жолын кесуге бағытталған бірлескен жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұсталған.
Шекарашылар бүгінге дейін браконьерлікпен айналысқан қырықтан астам адамды тұтқындады. Олардың бәрі Қазақстан азаматтары.