Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде
ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 84,1% және 86,1% құрайды.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарының мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, 2021 жылғы қаңтар-тамыз аралығында елімізге тұрғылықты тұруға 6339 адам келсе, 22685 адам Қазақстаннан өзге елге қоныс аударған.
Ал республика аумағында қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 7,3% артты.