Қазақстан халқы қартайып барады: зейнет жасындағылардың үлесі 11 пайызға жетті
Қазақстанда зейнет жасына шыққаннан кейін өмір сүру ұзақтығы - 80 жас
БҰҰ-ның болжамына сәйкес, Қазақстанда, әлемнің көптеген елдеріндегідей, халық саны алдағы бірнеше онжылдықта өсіп, 2050 жылға қарай шамамен 24 млн адамға жетеді. Ағымдағы жылдың өзінде халық саны 19 млн-нан асқан.
Халық санының өсуі - елдегі туу деңгейі мен өмір сүру ұзақтығына тікелей байланысты. 2020 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 71,37 жасты құрады. Он жыл бұрын бұл көрсеткіш 68,45 жасты, ал 2000 жылы 65,5 жасты құраған. Бұл ретте нәресте және бала өлімі, жас кездегі өлім және т.б. жайттар ескеріледі. Қазақстанда зейнетке шыққаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы ерлерде 80 жас, ал әйелдерде - 82 жасты құрайды.
Ranking зерттеуі бойынша, бұл Қазақстан халқының қартайып жатқаны көрсетеді. Егер 2010 жылы зейнет жасындағы халықтың үлесі 9,9% құраса, 2020 жылы 11% болған. Еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың үлесі, керісінше, айтарлықтай төмендеген: 2010 жылы - 64%, 2020 жылы - 58,3%-ға дейін.
Халықтың қартаю жағдайы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде байқалып отыр. БҰҰ болжамына сәйкес, әлем елдерінің барлығы дерлік халықтың қартаю процесіне тап болған.