$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.09.2021, 10:49
Қоғам

«Бұл қора емес – кітапхана»: Атырау облысындағы кітапхана ғимараты құлағалы тұр

Әкімдік ғимаратты апатты деп таныса да, оны жабуға асығар емес

«Бұл қора емес – кітапхана»: Атырау облысындағы кітапхана ғимараты құлағалы тұр
Ақ Жайық

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Әліпов ауылындағы кітапхананың ғимараты құлаудың алдында тұр деп жазады azh.kz.

Ғимарат осыдан 40 жыл бұрын салынған. Осы уақытқа дейін әр түрлі мақсатта пайдаланылған. Дәл қазір мұнда ауылдың кітапханасы орналасқан. Ғимаратты жергілікті билік апатты деп танығанымен, оны жабуға асығар емес.

«1998 жылы мәдени орталықтарды жаппай жаба бастаған кезде біздің кітапхана да жабылып қалды. 2008 жылы қайта аштық. Алайда, ғимарат апатты болғандықтан бізге не газ қызметі, не электр тасымалдаушылар қызмет көрсетпейді», - дейді кітапханашы Қымбат Зинуллина.

 

Қазір кітапхана қорында 6438 кітап бар, оқырмагндар саны 257 адамды құрайды. Ғимараттың шатыры шұрық тесік, жаңбыр жауса төбеден су ағады. Мұндағы жұмысшылар кітаптарды судан сақтау үшін кезек-кезегімен үйіне тасиды екен. Ал, кітапханашы бір күні үйіндінің астында қаламын ба деген қорқынышпен жұмыс істейтінін айтты.

Серіктес жаңалықтары