Қазақстанда екпе салдырған 20 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде коронавирусты қайта жұқтырғандардың қатары 23 мың адам

Фото: ашық дереккөзден

ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова 1 ақпаннан бастап Қазақстанда екпе алған 20 211 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Елімізде коронавирусты қайта жұқтырғандардың қатары 23 мың адамды құраса, олардың 99,9% вакцина алмағандар екен. Ал, екпе алғандар арасында ауырғандардың үлесі – 0,1% (20 211 адам).

Коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар арасында 7 070 адам (0,1%) вирус жұқтырған. Ал, коронавирусқа қарсы екпенің екінші компонентінін алғаннан кейін 13 141 адам ауырған.