Коронавирустың таралуы: Қазақстанда бір облыс қана «жасыл» аймақта

Автор: Azattyq Rýhy

Қалған өңірлердің бәрі «қызыл» аймақта

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

2021 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.

Пандемия басталғалы, елімізде барлығы 673 629 адам коронавирустан емделіп, сауығып шықты.

2021 жылғы 30 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 629 678 адам, екінші компонентін 5 365 824 адам салдырған.