Сәбидің ата-анасын Президент құттықтады
Қазақстан халқының саны 19 миллион адамға жетті деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-парақшасында жазған.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді», - деп жазды Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, Жәния отбасындағы төртінші бала. Тоқаев оның ата-анасы мен қазақстандықтарды осынау айтулы оқиғамен құттықтады.