Рұқсат етілмеген орындарда шомылғаны үшін 41 адам әкімшілік жауапқа тартылды
Төтенше жағдайлар министрлігі азаІматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстанда жыл басынан бері 312 адам суға батып кеткенін мәлімдеді. Айтуынша, олардың 200-ден астамы шомылу маусымы кезінде көз жұмған. 1 маусымнан бастап 233 адам, оның ішінде 70 бала суға батып кеткенін айтты.
Комитет басшысының мәліметінше, суға кеткен 312 адам 109-ы балалар. Бала өлімі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 31%-ке артқан.
214 адам құтқарылған, оның ішінде 43 бала бар. Рұқсат етілмеген орындарда шомылғаны үшін 41 адам әкімшілік жауапқа тартылды.