Самат Смақов «Ақтөбе» клубының басшысы қызметінен кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Клуб қайтадан мемлекет меншігіне өткен

«Ақтөбе» футбол клубы Самат Смақовтың бас директоры қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.  

Клубтың басқарма төрағасы болып Артур Смағұлов, ал оның орынбасары әрі бас менеджері болып бұрын «Атырауда» қызмет еткен серб Горан Велькович тағайындалды.   

Сондай-ақ Смақовпен сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған. Сөйтіп, клуб қайтадан мемлекет меншігіне өткен.

Самат Смақовқа «Ақтөбе» сенім шарты 2018 жылы қарашада жеті жылға берілген. Келісім бойынша, ол клубты балалар мен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысуды қамтамасыз етіп, кредиторлық қарызды төлеп және жастар футболын дамытуы қажет болған.