«Жағдай қиын»: елордада коронавирустық стационарда түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлер ауруханаға жастардың да көптеп түсіп жатқанын айтады

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Instagram-парақшасында елордадағы коронавирустық стационарда түсірілген видеоролик жарияланды.

Видеода палаталардың науқасқа толы екені, көбі жасанды желдету аппараты арқылы тыныс алып жатқаны байқалады. Ал, видео авторы елордада жағдайдың қиындап бара жатқанын, тек егде жастағы адамдар емес, жастардың да ауруханаға көптеп түсіп жатқанын айтады.

Айта кетейік, коронавирус жұқтыру қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан қаласы елімізде көш бастап тұр. Өткен тәуліктің өзінде астанада мыңға жуық адамнан COVID-19 инфекциясы ПЦР-тест арқылы анықталған.