Шигео Катсу марқұмдардың қырық күндік асына арнайы барған
Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу киелі Түркістанға келіп, «Сайрам-Өгем» шатқалында қайтыс болған ағайынды студенттердің ата-анасымен кездесті. Олардың бірі осы университетте оқыған еді.
Еске салайық, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама құтқарушыларға 25 мамыр келіп түскен. Туристер 21 мамырда «Сары-Айғыр» шатқалына бет алып, содан оралмаған.
Жоғалған жеті адамның алтауы Назарбаев университетінің 4 курс студенті болған. Тағы бірі – ентау лицейінің түлегі.
Іздеу жұмыстары барысында жеті жігіттің үшеуі аман табылса, төртеуінің денесі судан табылды. Марқұмдарды іздеу жұмыстары бірнеше аптаға созылды.