Коронавирустың өршуіне байланысты Астана күні тойланбайтын болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада КВИ-дің таралу қарқыны 2,8 есеге өскен

Tengrinews.kz

Ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуы қарқын алғандықтан бірнеше өңір «қызыл» аймаққа өткен болатын. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласы да бар. Осыған байланысты бас санитарлық дәрігері Астана күнін тойлауға тыйым салды.

Бас санитардың сөзінше, қала тұрғындары карантин талаптарын сақтамайды. Үй жағдайында оқшауланғандар да талапқа салғырт қараған. Содан да болар, КВИ-ді жұқтыру көрсеткіші 2,8 есеге артыпты.

Инфекциялық ауруханаларға күніне орта есеппен 150-200 адам жатқызылады. Ал, тәулігіне 350-ден 620-ға дейін кеселге шалдыққандар анықталуда. Қаланың бас дәрігері, орын тапшылығы бола ма деп қорқып отыр. Өйткені емдеу мекемелеріндегі төсек орынның 70%-ы толып қалған.