Қазақстанның вакцинация паспорты жарамды елдер аталды

Автор: Azattyq Rýhy

Мальдив аралдары билігімен келіссөз жүргізіліп жатыр

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстанның вакцина паспорты үш елге турист ретінде кіруге жарамды екенін айтты. Моңғолия, Тайланд және Венгрия туристерді біздің ҚР вакцинация паспортымен кіргізе береді.

Одан бөлек, қазақстандық вакцинация паспорты бар туристерді қабылдау бойынша Мальдив аралдары билігімен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Қазақстанда вакцинация паспорты коронавирусқа қарсы екпенің ІІ компонентін алғандарға ғана беріледі.

14 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 2 506 157 адам, II компонентін 1 384 029 адам салдырды.