Ұзақбай Мамин биыл наурызда 84 жасқа толған еді
ҚР Премьер-министрінің әкесі Ұзақбай Мамин 83 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Еңбек ері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақпай Жапарұлы Мамин 2021 жылы 13 маусымда дүниеден өтті.
Ұзақбай Мамин 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Благодатное ауылында дүниеге келген. Саналы ғұмырында құрылыспен айналысып, қарапайым құрылысшыдан, ірі құрылыс ұйымдарының жетекшісі қызметіне дейін көтерілген.
Сіңірген еңбегі үшін Халықтар достығы және «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Өмірінің соңғы жылдарында Нұр-Сұлтан қаласы ардагерлер кеңесінде белсенді жұмыс істеді.