Коронавирус матрицасы: Нұр-Сұлтан - «қызыл», Алматы - «сары», Шымкент - «жасыл» аймақта

Автор: Azattyq Rýhy

«Қызыл» аймақта үш өңір тұр

Коллаж

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

02 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта үш өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

2 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 26 137 адам коронавирус инфекциясынан (25 556 КВИ+ және 581 КВИ-) емделуде: 9 702 пациент стационарда, 16 435 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.