Атырауда мұғалімдерді кәсіби міндетінен тыс жұмысқа жеккен мектеп директоры жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен мектепке тексеріс жүргізіледі

фото: azh.kz

Әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектебінің спорт залында едендегі тесіктерді бітеп жатқан мұғалімдердің фотосуреті жарияланды.

Облыстық білім басқармасындағылар педагогты кәсіби міндетіне қатысы жоқ жұмыстарға тартқаны үшін мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Ал қалалық білім беру бөлімінің бастығы Фаруза Шангерееваның айтуынша, қазір ішкі мемлекеттік аудит департаменті бұл мектепте тексеру жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, мектепте жөндеу жұмыстары (күрделі жөндеу) 2020 жылы жүргізілген. Мердігерге кепілдік бойынша қалпына келтіру жұмыстарын атқару туралы хат жолданды.