Америкалық ғалым коронавирус адамның өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететінін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ғалымның айтуынша, дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығы 1,5 – 2 жылға төмендеген

Анча Баранова, фото: hightech.fm

Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова COVID-19 адамның өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететінін айтты. Ол коронавирус инфекциясын бір емес бірнеше рет жұқтырып алу қаупі бар жүйелі ауру екенін еске салды.

«Коронавирустың әр эпизоды өмірдің қысқаруына аз да болса әсер етеді. Ал кей жағдайларда оның қаупі арта түседі. Статистикаға сәйкес дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығы 1,5 – 2 жылға төмендеді. Бұл коронавирустың салдары», - деген ғалым.

Сондай-ақ ғалым Ресейде вакцина алғандардың 30% межесі орындалғаннан кейін ауру төмендейді деп болжады. Қазір Ресейде 14 миллионнан астам адам бірінші коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырса, 10 миллионға жуық адам екі дозасын қабылдаған.