Өскемен және Ново-Өскемен станциялары бойынша билет сату бүгіннен бастап тоқтатылды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі ИИДМ және ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хаттарына сәйкес 13 мамыр сағат 00:00-ден бастап жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға, Өскемен және Ново-Өскемен станциялары бойынша «Алматы-Өскемен» бағытындағы №351/352 жолаушылар пойызына жолаушыларды отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынғанын хабарлайды.
«Жолаушылар пойыздың тоқтатылған тұрақтарына темір жол билеттерін және тасымалдау қағидаларында белгіленген мерзімде темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін ақша қаражатын ұстамай, толық көлемде қайтара алады», - делінген хабарламада.
Жолаушылар пойыздарының жүру тәртібі туралы барлық ақпаратты «105» анықтамалық нөмірі арқылы білуге болады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, коронавирус індетінің таралуы кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.