Қазақстанда алты өңір «сары» аймақта тұр

Автор: Azattyq Rýhy

12 мамырдағы бағалау матрицасы жарияланды

Коллаж

12 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуал бойынша бағалау матрицасы жарияланды.

Бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Еске сала кетейік, 11 мамырда Көліктегі бас санитар дәрігер Жанар Оразалина қаулыға өзгерістер енгіздіп, «қызыл» аймаққа енген өңірлердегі «Ashyq» жобасына қатыспайтын әуежайларға күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруі шектелетіні хабарланды. Мұндай талаптар теміржол вокзалдарына да қойылып отыр.