«Nur Otan» қызметкерлері өрттен зардап шеккен Риддер тұрғындарына бір күндік жалақысын аударады

Автор: Azattyq Rýhy

Тілсіз жау 40-қа жуық үйді шарпыған

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Шығыс Қазақстан облысындағы орман өртінен зардап шеккен Риддер қаласының тұрғындарына «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының ұжымы бір күндік жалақысын аударады. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-парақшасында мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының маңында орман өртеніп, от Лесхоз кентiндегi тұрғын үйлерге жетті. Апат салдарынан 40-қа жуық үй жанып кеткен. Бір адам қаза тапты, екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұған дейін облыстық ТЖД қала іргесіндегі өрттің сөндірілгенін хабарлады. Алайда, ормандағы өртпен құтқарушылар әлі күресіп жатыр.