ШұғылВакциналацияланғанын растайтын паспорттың кімдерге берілетіні айтылды

Білім министрі оқушылардың барлығы мектепке қашан оралатынын айтты

Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта орналасқан

көрнекі фото

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың мектепке тездетіп баруына вакцинациялау да ықпал ететінін айтты. Министрдің айтуынша, екпе вирустың таралуын тежеп, эпидемиологиялық ахуал жақсарып, соған байланысты шектеу шаралары да жеңілдетіледі. 

«Пандемияға қатысты жағдай жақсарып, өңірлер «сары» және «жасыл» аймаққа өтсе, мектепке баруға рұқсат беріледі. Әдетте өңір «жасыл» аймақта болса, барлық оқушы мектепке барып оқиды», - деді министр.

8 сәуіріндегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда «қызыл» аймаққа енген 8 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан.

Қалған алты өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан Республикасы әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан.