Елорда тұрғындарына газ қосу үшін пайызсыз несие беріледі

Мұндай жеңілдік алғашқы жүз тұрғын үшін қарастырылмақ

Елорда тұрғындарына газ қосу үшін пайызсыз несие беріледі
фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және ECOJER қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрғын үйлерді газдандыруға жәрдемдесу бойынша жоба іске қосылды. 

Ол Halyk Bank-тен елордада алғашқы жүз тұрғынның үйін газбен жабдықтаудың орталық желілеріне қосу үшін пайызсыз кредит беруді көздейді.

Мұндай қаржылық ынталандыру халықтың экологиялық таза көгілдір отынға көшуін жеделдету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша пайызсыз кредит беру бағдарламасының шарттары бойынша елорда тұрғындары 750 000 теңгеге дейінгі сомаға, 18 айға дейінгі мерзімге жылдық 0%-бен кредит ала алады (қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия небәрі 0.1%-ды құрайды).

Пайызсыз несие алу үшін бағдарламаға қатысушылар:

  • кеңес алу, өлшеу мен құнын есептеуді жүзеге асыру үшін жақын жердегі ұйымға («Capital Construction 2020» ЖШС) жүгінуі;
  • газды қосу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ техникалық шарттар алуы;
  • жеткізушімен шарт жасап, «ECOJER» қауымдастығының «Жасыл сертификатын» алуы;
  • шартпен және сертификатпен Halyk Bank-тің екі бөлімшесінің біріне пайызсыз кредит алу үшін жүгінуі керек (Жеңіс даңғылы, № 72 үй және Бейбітшілік көшесі, № 24 үй, № 4 т.е.ж.).
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.