Елімізде «қызыл» аймаққа енген 8 өңір бар
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
8 сәуіріндегі жағдай бойынша «қызыл» аймаққа енген 8 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары.
«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан.
Қалған алты өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан Республикасы әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан.