Қазақстанда «қызыл» аймаққа енген өңірлердің қатарына тағы бір облыс қосылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қарағанды облысы «қызыл» аймаққа енді

Коллаж

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда «қызыл» аймаққа жеткен өңірлердің қатары сегізге жеткенін хабарлады.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда «қызыл» аймақта 8 өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе және Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы орналасқан, ал қалған 8 өңір «жасыл» аймақта.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2080 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.