02.04.2021, 11:45
Қоғам
ПТР-анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды
Ол 31 наурызда Ташкент қаласынан Алматыға ұшып келген
көрнекі фото
1 сәуірде Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Украина, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 37 халықаралық әуе рейсімен 4 685 жолаушы келді.
Олардың ішінде 4 675 адамда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, қалған 10 ҚР азаматы тиісті анықтамасыз келген.
- Алматы әуежайына – 17 рейс (2 324 жолаушы, анықтамамен - 2314, анықтамасыз – 10);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 10 рейс (барлық 1 293 жолаушы анықтамамен келген);
- Шымкент әуежайына – 9 рейс (1 009 жолаушы анықтамамен келген);
- Ақтау әуежайына – 1 рейс (барлық 59 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 31 наурызда шетелден анықтамасыз келген 29 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсеткен.
Айта кететін бір жайт, 31 наурызда Ташкент – Алматы әуе рейсімен ПТР-анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды