Алматы облысы - «қызыл», Шымкент қаласы «сары» аймаққа өтті

Автор: Azattyq Rýhy

«Қызыл» аймақтағы өңірлердің саны алтауға жетті

Коллаж

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

1 сәуірдегі жағдай бойынша, «қызыл» аймаққа енген алты өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта.

Ал, Қазақстан Республикасы таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.