«Сары» аймаққа енген Ақтөбе облысында карантин шаралары күшейтілді

Автор: Azattyq Rýhy

Үйде ас беруге болмайды

көрнекі сурет

Ақтөбе облысы бойынша шектеу шарасы күшейтіліп, облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Жаңа қаулыға сәйкес конференция, көрме, форум өткізілмейді, ойын-сауық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, мерекелік корпоративтерді, естелік және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған.

Сондай-ақ ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг орталықтары), балалардың ойын алаңдары және аттракциондар, букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметіне шектеу қойылған.

Өңірдің бас санитарының қаулысымен танысу үшін сілтемеге өтіңіз.