Айыпталушыларға қатысты сот үкімі шықты
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Ақтөбе облысында контрафактілік алкоголь өндіретін екі жасырын цех қызметінің жолын кесті.
5 мыңнан астам жалған алкоголь бөтелкесі, 6 мың литрдан астам спирт және мыңдаған жалған есепке алу-бақылау маркасы тәркіленіп алынды.
Криминалды бизнесті 3 ақтөбелік саяжай кооперативі аумағында жүзеге асырған.
Сот үкімімен қылмыстық істің барлық айыпталушылары заңсыз кәсіпкерлік және жалған ЕАБ маркаларын қолданғаны үшін сотталды.