Қалалық сот Рейімовті кепілдікпен бостандыққа шығару өрескел заңбұзушылық деп санайды
Кеше түске дейін Ерлан Тұрғымбаевтан араша сұраған Қайрат Рейімов түс ауа қайта қамауға алынды, деп хабарлайды Atameken Business.
Себебі, аппеляциялық сот кепілмен бостандыққа шығу туралы шағымды қанағаттандырмай тастаған. Күдіктінің адвокаты Джохар Утебековтың айтуынша, оған себеп кәсіпкердің сотқа дейінгі тергеу аяқталмай тұрып бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат таратуы деді. Ал қалалық сот Рейімовті 25 млн теңге кепілдікпен бостандыққа шығаруы өрескел заңбұзушылық деп санайды.
Айта кетейік, Қайрат Реимов «АлматыМетроҚұрлыс» директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады