Ол мемлекет пайдасына 14 585 теңге әкімшілік айыппұл төлейді
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қоғамдық тәртіпті және адамдардың тыныштығын бұзу (ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі), яғни ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Сот 51 жастағы № 1 маршруттық автобус кондукторы болып істейтін К.-ның айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті және адамдардың тыныштығын бұзып, жолаушыны автобустан итеріп тастағаны, сонымен ұсақ бұзақылық жасағанын анықтады.
Сотта азаматша К. кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді және жанжал жолаушы зейнеткер төлемақыны толық көлемде төлемегендіктен басталғанын түсіндірді. Бірақ ол (зейнеткер) кондукторға растайтын құжаттарды көрсетуден бас тартты.
Сот азаматша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды және мемлекет пайдасына 14 585 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жазаны тағайындады.