Демалыс және мереке күндері автобустар мен метро жұмысы уақытша тоқтайды
Алматыда алдағы демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді, яғни автобустар мен метро жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.
«Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің жұмысын тоқтатамыз. Бұл Алматы қаласы «қызыл» аймақтан шыққанға дейін болады. Бұл негізгі эпидемияға қарсы шаралардың бірі. Мұндағы мақсатымыз - індеттің алдын алу және кең таралуын болдырмау», - деді Бекшин.
Еске салайық, Алматы қаласы коронавирустың таралу қаупі бойынша 10 наурыздан бері «қызыл» аймақта тұр. 13 наурыздан бастап қалада карантин режимі күшейтілді.