Түркиядан ұшып келген ҚР азаматынан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

14 наурызда 800-ге жуық Қазақстан азаматы ПТР-анықтамасыз келді

14 наурыда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 32 халықаралық әуе рейсімен 4 646 жолаушы келді. Келген жолаушылардың 3 853-інде ПТР-анықтамасы болса, қалған 793 ҚР азаматында тиісті құжат болмаған.

  • Алматы әуежайына – 19 рейс (2 783 жолаушы, анықтамамен - 2 365, анықтамасыз – 418);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 9 рейс (1 295 жолаушы, анықтамамен - 920; анықтамасыз – 375);
  • Шымкент әуежайына – 2 рейс (барлық 274 жолаушы анықтамамен келген); 
  • Ақтау әуежайына – 1 рейс (барлық 146 жолаушы анықтамамен келген);
  • Атырау әуежайына – 1 рейс (барлық 148 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 13 наурызда шетелден ПТР-анықтамасыз келген 401 Қазақстан азаматының бірінен коронавирус анықталды. Ол Ыстанбұл қаласынан Алматы әуежайына ұшып келген.