ШұғылКоронавирус және пневмония: өткен тәулікте 102 адам көз жұмды

«Ауырмайтын жол іздейік». Тоқаев пандемиямен өткен бір жылға тоқталды

Президент індет қаупі әлі сейілмегенін айтты

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында осыдан бір жыл бұрын ДДСҰ-ның пандемия басталғанын мәлімдегенін еске салды.

«Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады.

Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік», - деп жазды Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, дерттің қатері әлі де сейілген жоқ.

«Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын», - деді Президент.