Қазақстанда өткен тәулікте 700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі 10 наурыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
10 наурыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары «қызыл» аймаққа енді.
«Сары» аймақта Батыс Қазақстан,Атырау, Ақмола және Павлодар облыстары орналасқан. Ал қалған өңірлер «жасыл аймақта».
Жалпы Қазақстан Республикасы коронавирустың таралу қаупі бойынша «жасыл» аймақта орналасқан.