ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 2000-нан астам адамнан вирус анықталды

Нұр-Сұлтанда медицина қызметкерлерінің үштен бірі коронавирусқа қарсы вакцина алды

«Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алғандардан еш асқынулар анықталған жоқ

Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда «Спутник V» коронавирусына қарсы вакцина алуға тиіс 6 300 медицина қызметкерінің 1 980-і егілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бүгінгі таңда 6 300 адамнан 1 980 адам вакцинацияланды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова. 

Оның айтуынша, вакцинацияланған медицина қызметкерлері арасында «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алғаннан кейін асқынулар анықталған жоқ.

«Спутник V» вакцинасының екінші компонентін егу 22 ақпаннан басталады.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация 2021 жылғы 1 ақпанда басталды. Бірінші кезеңде екпелерді инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық көмектің, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының, көпбейінді стационарлардың қабылдау бөлімшелеріндегі медицина қызметкерлері ғана ала алады.