Зейнетақы жинағын пайдалану бойынша 127 мың адамнан өтінім түсті – БЖЗҚ

Автор: Azattyq Rýhy

40,6 мыңнан астам өтінім қабылданбады

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

15 ақпандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға мақсатты пайдалану үшін 127 357 салымшының өтініші келіп түсті.

78 074 өтініш орындалды және салымшылар уәкілетті операторларда ашылған өздерінің арнайы шотына біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түрінде шамамен 423,7 млрд теңге алды. Төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңге.

45,3 млрд теңгеден астам сомаға тағы 8 636 өтініш төлемдерді жүзеге асыру үшін өңделуде. Заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 40,6 мыңнан астам өтінім қабылданбады.

Республика бойынша ең көп өтінім қабылданған Алматы қаласы - 19,8%. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан шамамен 16,2% қабылданды. Үшінші өңір - Маңғыстау облысы, онда республика бойынша жалпы өтініш санының 15,4% қабылданды.

Толық тізімді мына сілтемеге өтіп оқи аласыз.