Қазақстанда мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған жандарға 32 млрд теңге жәрдемақы төленді

Бүгінде елімізде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 521,5 мың адам бар

Қазақстанда мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған жандарға 32 млрд теңге жәрдемақы төленді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушыдан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қаңтарда республикалық бюджеттен 32,1 млрд теңге, оның ішінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге – 25,4 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына – 6,7 млрд. теңге төленді.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 521,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 165,9 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады. 

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 48 693 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 180 теңгені құрады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.