Екпе алғандар үш күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады
Атыраулық медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакциналаудың алғашқы қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
1 ақпаннан 5 ақпанға дейін облыста денсаулық сақтау жүйесіндегі позициясына сәйкес ауру жұқтыру қаупі жоғары деп саналатын 800-ге жуық медицина қызметкері екпе салдырды.
«Екпе алғандар үш күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Вакциналаудан кейін ауруханаға жатқызу жағдайы тіркелген жоқ», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дозаның келесі партиясы келген кезде полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, педагогтарға және жоғары тәуекел тобына жататын басқа мамандықтардың өкілдеріне кезек келеді.