Тұман және көктайғақ: еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

«Қазгидромет» 2 ақпан күніне ауа райы болжамын жариялады

көрнекі фото

2 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

2 ақпанда Түркістан облысының таулы аудандарында түнде көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Түркістан қаласында 2 ақпанда кей уақытта тұман болады.

2-3 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында 2 ақпанда түнде және тәңертең тұман болады.

2 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с.

2 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

2 ақпанда Атырау облысының кейжерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау қаласында түнде және таңертең 2 ақпанда тұман, көктайғақ болады.