Қазақстанда басшылықтағы әйелдер үлесі 30%-дан аспайды

Автор: Azattyq Rýhy

Ірі компанияларда бұл көрсеткіш небәрі 18% құрады

Жыл басында Қазақстанда барлығы 330,3 мың компания тіркеуде болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға көп. Олардың ішінде 99 мың компанияда әйелдер басшылықта (өткен жылмен салыстырғанда 7% көп) деп жазады Ranking.kz.

Осылайша, жұмыс істеп тұрған компаниялардағы әйел басшылардың үлесі осымен үшінші жыл қатарынан 30 пайызға әзер жетті.

Орта деңгейлі компанияларды басқарып отырған нәзік жан иелерінің қатары өсіп, биыл 35,7% көрсеткішке жеткен. Шағын компанияларда керісінше, 30-дан 29,9 пайызға төмендеп отыр. Ірі компанияларда да олардың саны азайып, 18,8-ден 18 пайызға азайған.

Global Gender Gap Report 2020 сарапшыларының баяндамасына сәйкес, гендерлік тепе-теңдік рейтингінде Қазақстан 153 елдің ішінде 72-орынға тұрақтаған. ТМД елдері арасында тек Беларусь қана 29-орынмен оң нәтиже көрсеткен. Ресей – 81, Қырғызстан – 93 және Армения 98-орында.

Аталған рейтингтің көшін Үндістан, Норвегия және Финляндия бастап тұр. Ең соңғы орында Сирия, Пәкстан, Ирак және Йемен орналасқан.