$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.01.2021, 14:16
Қоғам

Зейнетақы жинағын пайдалану бойынша өтінімді қате бергендер не істейді?

Өтінім беру сайтында жаңа функция іске қосылды

Зейнетақы жинағын пайдалану бойынша өтінімді қате бергендер не істейді?
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға қатысты өтініш беретін enpf-otbasy.kz платформасында жаңа функция пайда болды. Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағын алуға берген өтінішін қате берген жағдай, немесе пайдалану мақсатын өзгерткісі келген жағдайда, өтінімін жойып жоя алады. Бұл туралы «Отбасы банктің» Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.

«Біз онлайн-платформаның алғашқы жұмыс күнін бақылап, платформаның мүмкіндігін кеңейттік. Енді, егер сіз деректерді енгізу кезінде қате жіберген болсаңыз немесе біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын өзгерткіңіз келсе, жеке кабинетіңізге кіріп, өтініміңізді жойып тастай аласыз», - деп хабарланды.

Үлгі үшін:

  • 1. Егер қажет сома «0» деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады;
  • 2. Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе.

Мысалы, «1.000.000» немесе «1000000,00» түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз «1000000» немесе «1234567» түрінде көрсету керек;

  • 3. Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек.

Онлайн платформада жұмыс жасау үшін қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеуге болады.

Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді болады.

Серіктес жаңалықтары