Зейнетақы жинағына өтінім қабылдау: салымшыға арналған 7 қадам

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілді

Зейнетақы жинағына өтінім қабылдау: салымшыға арналған 7 қадам
Коллаж: Жанар Жақсылыққызы

23 қаңтардан бастап арнайы порталда тұрғын үй мәселесін шешуге арналған зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау басталды. Бүгінде «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне 20 117 өтініш келіп түскен.

Azattyq Rýhy тұрғын үй сатып алуға зейнетақы жинағын пайдалану шарттарының ережелерін ұсынады.

ШЕКТІ СОМАНЫ КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?

Алдын ала есептеу бойынша, 30 жастағы азамат үшін шекті ақша – 2 млн 500 мың теңге, 35 жастағы азамат үшін – 2 млн 940 мың теңге, 40 жастағы азамат үшін – 3 млн 420 мың, 45 жастағы азамат үшін – 3 млн 930 мың, 50 жастағы азамат үшін – 4 млн 470 мың, 55 жастағы азамат үшін – 5 млн 60 мың, 59 жастан асқан азамат үшін 5 млн 560 мың теңге болғанда, ол азаматтар қалған ақшасын тиісті мақсатта пайдалана алады.

Жас санатына байланысты зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі:

  • 20 жас - 1 710 000 теңге
  • 21 жас - 1 780 000 теңге
  • 22 жас - 1 860 000 теңге
  • 23 жас - 1 930 000 теңге
  • 24 жас - 2 010 000 теңге
  • 25 жас - 2 090 000 теңге
  • 26 жас - 2 170 000 теңге
  • 27 жас - 2 250 000 теңге
  • 28 жас - 2 330 000 теңге
  • 29 жас - 2 420 000 теңге
  • 30 жас - 2 500 000 теңге
  • 31 жас - 2 590 000 теңге
  • 32 жас - 2 670 000 теңге
  • 33 жас - 2 760 000 теңге
  • 34 жас - 2 850 000 теңге
  • 35 жас - 2 940 000 теңге
  • 36 жас - 3 030 000 теңге
  • 37 жас - 3 130 000 теңге
  • 38 жас - 3 220 000 теңге
  • 39 жас - 3 320 000 теңге
  • 40 жас - 3 420 000 теңге
  • 41 жас - 3 520 000 теңге
  • 42 жас - 3 620 000 теңге
  • 43 жас - 3 720 000 теңге
  • 44 жас - 3 820 000 теңге
  • 45 жас - 3 930 000 теңге
  • 46 жас - 4 030 000 теңге
  • 47 жас - 4 140 000 теңге
  • 48 жас - 4 250 000 теңге
  • 49 жас - 4 360 000 теңге
  • 50 жас - 4 470 000 теңге
  • 51 жас - 4 590 000 теңге
  • 52 жас - 4 700 000 теңге
  • 53 жас - 4 820 000 теңге
  • 54 жас - 4 940 000 теңге
  • 55 жас - 5 060 000 теңге
  • 56 жас - 5 180 000 теңге
  • 57 жас - 5 300 000 теңге
  • 58 жас - 5 430 000 теңге
  • 59 жастан кейін - 5 560 000 теңге.

Отбасы банкінде зейнетақы жинақтарын аударуға арналған есепшотты екі жолмен ашуға болады. Біріншісі -  «ЖССБ24» мобильді қосымшасы. Екіншісі – байланыс орталығына бейнеқоңырау жасау. Бүгінде «Отбасы банктен» бөлек Halyk bank те зейнетақы жинақтарын пайдалану жүйесіне оператор ретінде қосылып, өз қосымшасында арнайы есепшоттарды ашу қызметін іске қосты. Онда жинақтың есебінен ипотека рәсімдеу, қарызды өтеу және қайта қаржыландыру қарастырылған. Ал «Отбасы банкінде» тұрғын үй мәселесімен бірге емдеу шараларын да шешуге болады.

Halyk Home bank-нен зейнетақы төлемін алудың ережесі:

Біржолғы зейнетақы төлемінің операторы ретінде Halyk Bank тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында БЖЗҚ-дан төлем аудару үшін арнайы шоттарды ашу және жүргізуді жүзеге асырады:

бір банктік қарыз шарты аясында баспана (жөндеуімен қоса) сатып алу үшін ипотекалық қарыз алуға бастапқы жарна енгізу жолымен;

бір банктік қарыз шарты аясында баспана (жөндеуімен қоса) сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті жартылай немесе толық өтеу;

ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру.

«Біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтінім Halyk Homebank қосымшасында Қазақстанның өкілетті мемлекеттік органы/лауазымды тұлғасы біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану ережелерін бекіткеннен кейін, сондай-ақ, банк БЖЗҚ-мен келісімге қол қойып, техникалық тұрғыдан дайын болғаннан кейін ғана қолжетімді болады.

«Отбасы банктен» зейнетақы жинағын алу нұсқаулығы

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН ҚАЙ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?

1. Өз зейнетақы жинақтарыңызды дербес пайдалану және / немесе сіздің қаражатыңыз жеткіліксіз болған жағдайда жақын туысыңыздың немесе жұбайыңыздың Зейнетақы жинақтарын қабылдау. Жақын туыстар-ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір/ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі.

2. Жинақтарыңызды жақын туысыңызға немесе жұбайыңызға ішінара немесе толығымен беріңіз. Сіз бірнеше алушыға жол бере аласыз. Сіз зейнетақы қаражаттарыңыздың негізгі бөлігін пайдаланған болсаңыз да, өз жинақтарыңыздың қалдығын қайтара аласыз

Зейнетақы жинақтарын туыстарына беру:

Сіз өз әйеліңіздің/күйеуіңіздің, жақын туыстарыңыздың (олардың келісімімен) зейнетақы жинақтарын жоғарыда көрсетілген кез келген мақсаттарға пайдалана аласыз. Жақын туыстар – ол ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір/ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер, атасы, әжесі

Туысқандарыңызға қаражат беру үшін:

Жақын туысқандарыңызға қаражат беру үшін «жақын туысқандарыңызға қаражат беру» мақсатын таңдап, сіз бергіңіз келетін соманы, сондай-ақ, пайдасына зейнетақы жинақтары берілетін адамның ЖСН-ын көрсету қажет.

Әрі қарай Сіз өз ЭЦҚ-ыңызбен біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы екіжақты келісімге қол қоюыңыз және «өтінімді қалыптастыру» батырмасын басуыңыз қажет.

Арнайы ағымдағы шотқа ақша түскеннен кейін Сіздің өтінішіңіздің мәртебесі жаңартылады.

Зейнетақы жинақтарын қабылдауға арналған нұсқаулық:

Сіз мақсатты таңдап, соманы толтырып, біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы екіжақты келісімге өз ЭЦҚ-ыңызбен қол қоюыңыз қажет.

Егер тұрғын үй ипотекалық тұрғын үй қарызы есебінен өтеу мерзімі 5 жылдан астам біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып сатып алынған болса, осы тұрғын үйді 5 жыл ішінде өткізуге жол берілмейді:

«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кепіл ұстаушының кепілге берген жылжымайтын мүлкін өткізу»; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жылжымайтын мүлікті өткізу арқылы жүзеге асырылады.

ПОРТАЛҒА ҚАНДАЙ ҚҰЖАТ ЖҮКТЕУ КЕРЕК?

Пәтерді толығымен сатып алсаңыз, порталға жеке адаммен немесе құрылыс компаниясымен арадағы сатып алу келісімшартын жүктеу керек. Бұдан бөлек, осы құжаттың ХҚКО-да тіркелгені туралы анықтама жіберіледі. Ал зейнетақы жарнасын алғашқы жарна ретінде пайдаланып, ипотеканы «Отбасы банкінде» емес, басқа банкте рәсімдесеңіз, сол банктің кредит беруді мақұлдағаны туралы хатты тіркеу керек. 

Зейнетақы жинақтарын жеке тұрғын үй құрылысына пайдалану үшін біраз құжат жинау қажет. Соның ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасы, мердігерлік туралы келісімшарт (оны арнайы лицензиясы бар құрылыс компаниясы береді), құрылыс-монтаждау жұмыстарына кететін шығындар сметасы (оны да құрылыс компаниясы жасайды), эскизді жоба және құрылыстың басталғаны туралы ескерту хат бар. Осы құжаттардың негізінде құрылыс компаниясына ақша аударылады. Бірақ екі жылдан кейін үйдің құрылысы аяқталғаны туралы құжатты жіберу керек.

БАНК КОМИССИЯ АЛА МА?

Арнайы есепшот ашу, одан ақша аудару және тағы басқа операциялар үшін ешқандай комиссия алынбайды. Салымшы өз ақшасын 45 күннің ішінде пайдаланып үлгермесе де, барлық қаржысы сол күйінде Бірыңғай зейнетақы қорына қайтырылады. Бұл жағдайдан кейін де қайта өтініш беруге болады.

ПАЙЫЗСЫЗ ИПОТЕКА РӘСІМДЕЛЕ МЕ?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану ережесін бекітті. Онда Ислам банкінің қаржыландыру бағдарламалары аясында тұрғын үйді сатып алу тетігі қарастырылған. Осы санаттағы ипотеканың шарттары туралы толық ақпаратты банктен ала аласыз.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.