Жеке құрылыс салушылар 242,1 мың шаршы метрді пайдалануға берген
Облыста өткен жылы жалпы алаңы 372,5 мың шаршы метр 3281 пәтерлік 964 тұрғын үй қолданысқа енгізілді, деп жазады Рavlodarnews.kz.
Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қаңтар-желтоқсан айларда тұрғын үй құрылысына 38,7 млрд теңге салынды немесе 2019 жылмен салыстырғанда 166,9%-ға жетті.
«Үй құрылысы салушылардың қаржыландыру көзі меншікті қаражат – 38,1%, бюджеттік қаражат – 61,9%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бойынша тұрғын үй құрылысына салынған қаражаттың үлесі 8% құрады», - деп жазылған хабарламада.
Жеке құрылыс салушылар 242,1 мың шаршы метрді пайдалануға берген. Қолданысқа енгізілген тұрғын үйлер көлемінде Павлодар қаласы ең жоғары үлес салмағын алады – 57,3%.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда аудандар бойынша
тұрғын үйлер пайдалануға беру шаршы метрін өзгерісі (+,-), %-бен
Тұрғын үй мемлекеттік бағдарласы шеңберінде жалпы алаңы 123,7 мың шаршы метр 1601 пәтерлік 34 ипотекалық және жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй тапсырылды.
Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метр құрылысына орташа нақты шығындар 83,4 мың теңгені құрады.