Қазақстанда «қызыл» аймаққа енген өңірлердің саны жетеуге жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қарағанды облысы «жасыл» аймаққа өтті

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу деңгейі бойынша «қызыл» аймаққа 7 өңір енген: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.

Ал, жалпы республикаға келетін болсақ, Қазақстан халықаралық деңгейде індет қаупі жағынан «сары» аймақта орналасқан.