Таразда мемлекетке 10 млрд теңге залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жіберілді

Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2009-2020 жылдар аралығында Тараз қаласының аумағында жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Олар шот-фактураларды тиісті қызмет атқарылмаса да, керек тауар жеткізілмесе де рәсімдей берген.

Тергеу барысында 10 адамнан құралған қылмыстық топ контрагенттер-сатып алушыларды іздеуді, екінші деңгейлі банктерде қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруды және т.б. жүзеге асырған.

Қылмыстық әрекет салдарынан мемлекетке келтірілген залал мөлшері 10 млрд теңгені құрады. Тәркілеу барысында кәсіпорындардың жалпы сомасы 1 миллиардтан астам теңге қаражаттарына тыйым салынды. Қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жіберілді.