Атырау облысында 4 блок-бекет қойылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты республика бойынша 19 санитарлық бекет қойылғанын айтты.
«Бас санитар дәрігерлердің қаулысына сәйкес, еліміз бойынша 15 санитарлық (Алматы облысы – 9, Қостанай облысы – 4 және Ақтөбе облысы – 2) және 4 блок-бекет (Атырау облысы - 4) қойылған», - деді министр Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, Ішкі істер министрлігі карантин және шектеу шараларын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Қазір бұл іс-шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылды. Сондай-ақ 290 карантин нысаны бақылауда.