Шымкентте 8 адамнан құрылған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар жалған шот-фактура жасаумен айналысқан

көрнекі фото

Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің өкілдері материалдық сыйақыға қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыра отырып, іс жүзінде жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазумен айналысқан 8 тұлғадан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін анықтады.

Тергеу барысында қылмыстық топтың 2017-2020 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға 7,7 млрд астам теңгені құрайтын салықтан жалтару мақсатында жалған шот-фактура жазу бойынша қызметтер көрсеткені белгілі болды.

Қылмыстық топ мүшелеріне қатысты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша - жалған шот-фактура жазу, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнаманы бұзу, алаяқтық бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.