Берешек көлемі 500 мың теңгені құрайды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақловпен кездесуге келген Явленка ауылының тұрғыны Мәдениет басқармасынан үш жылдан бері өз ақшасын ала алмай жүргенін айтып шағымданды деп жазады Петропавловск.news.
«Ашық әкімдік» жобасы аясында әкіммен кездесуге келген Вячеслав Смирнов СҚО Мәдениет, архив және құжаттандыру басқармасына өзі салған суреттерді қарызға бергенін, алайда, олардың бірде-біріне әкімдік әлі ақша төлемегенін айтты.
«Сіздер ол картиналарды біреуге сыйлайтын шығарсыздар, бірақ неге дұрыстап сатып алмайсыздар? 2016, 2017 және 2018 жылдары алынған суреттердің ақшасын әлі берген жоқ, қарыз 500 мың теңгені құрайды», - деп шағымын айтты Вячеслав Смирнов.
Әкімдік қызметкерлері осы сөздерден кейін ұялса керек, жыл соңына дейін суретшіге 150 мың теңгесін, келер жылы қалған соманы қайтаруға уәде етті.