Қаржы институты біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін арнайы ағымдағы шот ашуды бастады
Тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды көздеп отырған БЖЗҚ салымшылары «Отбасы банктен» онлайн режимде арнайы ағымдағы шот аша алады.
Біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шот - Үкімет белгілейтін уәкілетті операторында тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін алушымен ашылатын ағымдағы банк шоты.
Қаржы институты «Отбасы Банк» АҚ-ның клиенті болып табылмайтын зейнетақы қорының салымшыларына арнайы ағымдағы шот ашуды ұсынды.
Ол үшін:
«Отбасы банк» клиенттері үшін арнайы шот онлайн-платформада біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы өтініш беру барысында ашылады. Платформа біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері бекітілгеннен кейін іске қосылады.
Сондай-ақ арнайы шотты «Отбасы Банк» сайтындағы бейне қоңырау қызметі арқылы да ашуға болады. Арнайы шот ашу операциясы дүйсенбіден сенбіге дейін (қоса алғанда), 9:00-ден 21:00-ге дейін болады.
«Бүгін біз БЖЗҚ салымшыларына мақсаттарына бір қадам жақындап, онлайн режимде арнайы шот ашуды ұсынамыз. Бұл біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш берген кезде, тұрғындарымыздың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Естеріңізге сала кетейік, «Отбасы Банк» уәкілетті оператор ретінде зейнетақы жинақтары аударылатын арнайы ағымдағы шот ашуға және жүргізуге, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін аударуға байланысты агенттік қызметтер көрсеткені үшін комиссия алмайды.